«Ауғанның от-жалыны»

26 февраля 2015 - Веб-редактор

Амангелді аудандық орталық кітапханасында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге арналған кездесу кеші өткізді.

 

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Шара «Ауғанның от-жалыны» деп аталды.

 

Аталмыш іс-шараға өмір мен өлім белдескен қанды шайқастың куәгерлері, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз І.Нұрқанов пен Х.Исмайлов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жанділдин, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы С.Аймұханов және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажин қатысты.
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео