Елорда мерейтойына тарту

24 мая 2018 - Веб-редактор
article16739.jpg

 Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз» деп атап көрсетті Қазақ елінің асқақ ай-бары – ару Астанаға 20  жыл! Қазақстан тарих үшін көз ілеспес қасқағым сәт болғанымен  осынау аз ғана жылдың ішінде арайлы Астана дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды.

20 жыл ішінде Қазақстан мемлекетінің елбасының және халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Елорда Алматыдан Ақмолаға ауысқанда 20 жылдың ішінде ел кіндігі 

– Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз шаһары – Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар атқарылып жатқан жұмыс шеңберінде Арқалық қаласындағ барлық оқу орындарында жасалып жатқан игі шараар қатарында, еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығы құрметіне  Н.Құлжанова атындағы Торғай Гуманитарлық колледжі Астана қаласының көрікті ғимараттарының макетін жасатып, 20 жылдыққа тату етті. Көрікті ғимараттар макетті қалалық «Студенттер көктемі» фестиваліндегі сахналық қойылымға пайдаланылды. Аталмыш ғимараттар макеті Астананың құрылғанынан бастап, қазіргі таңдағы келбеті бейнеленген сахналық қойылымның сәнін келтірді. Ендігі кезекте ғимараттар макеті колледждегі Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Сәлем Астана» бұрышына қойылмақ. Сонымен қатар, Астана қаласының көрікті ғимараттары қойылған бұрыш әрбір білім алушының Елордамыздың тарихын тереңірек түсінуіне, ғылыми тәжірибелік жұмыстарына арқау болуына септігін тигізетіні сөзсіз.Елордаға тарту білім алушылар мен әр адамның туған Отанға деген сүйіспеншіліктерінен туын даған көзқарастың дәлелі.

Астанамыз туымызда бейнеленген шуағын шашқан Күн астындағы қалықтаған Қыранындай елін биіктерге бастап,өркендеу асуларына қарай қанат қағуда! Ендеше, бүгінде қазақ елінің елордасы Астанамыздың мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік! 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев